Шетелдік БАҚ қазақстандық боксшы Жалғас Жұмағұловтың (14-5) UFC-дегі үшінші айқасы үшін алған гонорарын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жұмағұлов бірінші раундта америкалық Джером Ривераны (10-6) сабмишнмен тізе бүктіріп, осы айқасы үшін 24 000 доллар (октагонға шыққаны үшін 10 000 доллар, жеңісі үшін 10 000 доллар және ынталандыру бонусы ретінде 4 000 доллар) алды.
Еске сала кетейік, Жалғас Жұмағұлов үшін бұл – UFC-дегі алғашқы жеңіс. Бұған дейін қазақстандық қатарынан екі рет жеңілген: төрешілердің бірауыз шешімімен бір жыл бұрын бразилиялық Раулин Пайвадан (20-3), осы жылдың қаңтарында дәл сондай шешіммен швед Амир Альбазиден (14-1) жеңіліс тапты.