Павлодарда тәртіптік жауапкершілікке тартылған әкімдер сайлауға жіберілді
Павлодарда тәртіптік жауапкершілікке тартылған әкімдер сайлауға жіберілді
©https://ratel.kz/
133
оқылды

Павлодар облысында қазір қызметте отырған бес ауыл әкіміне тәртіптік жауапкершілікке тартылғанына қарамастан алдағы сайлауға қатысуға рұқсат берілді.

"Сонша жыл еңбектенгеннен кейін сайлауға қатысуға мүмкіндік бермеу дұрыс болмайды. Сондықтан осы жолы оларға, яғни, Екібастұз ауылдық аймағындағы бес әкімге сайлауға түсуге мүміндік бердік. Қазір бұл әкімдер Nur Otan саяси партиясы атынан ұсынылды", - деп мәлімдеді өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы кезінде Екібастұз қаласындағы аймақтық сайлау комиссиясының төрағасы Сансызбай Төлеубаев.

Журналистер тарапынан "бұған қалайша рұқсат берілгені, себебі қазіргі қолданыстағы заңға сәйкес мемлекеттік қызметке нұқсат келтірген әрекеті үшін соңғы үш жылда тәртіптік жауапкершілікке тартылған азамат мемлекеттік қызметке тағайындалмауы керек" екені туралы сұраққа жауап берген спикер мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттікке сілтеме жасады.

"Мемлекеттік қызмет агенттігі осы жағдайды қарап, заңға үңіліп, оларға сәйкес құжаттарымен сайлауға қатысуға мүмкіндік берді", - деді ол.

Осы жылдың мамыр-маусымында бес ауыл әкімі "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында заңбұзушылыққа жол бергені үшін тәртіптік жазаға тартылды. Олардың барлығы көп жылдан бері округ басқарып келе жатыр.