Үндістанның батысындағы Раджастхан штатында найзағайдан тоғыз адам қаза тапты. Оның жетеуі - бала.
Сондай-ақ көптеген адам зардап шекті. Зардап шеккеннің барлығы нөсер жаңбырдан кейін найзағай түскен әртүрлі жерлерде болған.
Раджастханның бас министрі Ашок Гелот зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілетінін айтты.