12 жастағы қазақстандық халықаралық Serbia Chess Open 2021 шахмат турнирінде бірінші орынды жеңіп алды. Бұл жайында Қазақстандағы Шахмат Федерациясы Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
Шахмат федерациясының мәлімдеуінше, мұндай сайысқа қатысу үшін халықаралық гроссмейстердің 3 нормасын орындап, рейтингісі 2500-ге жетуі керек.Даниял Сапенов тоғыз ұпайдың сегізін жинап, бірінші орынды жеңіп алды. Ал басқа жерлестеріміз ақшалай сыйлықтарға ие болды. Әуесқойлар арасындағы топқа 30 елден 194 шахматшы қатысты.