Ақтөбеде дүкеннен жөргек ұрлаған әйел сотталды
Ақтөбеде дүкеннен жөргек ұрлаған әйел сотталды
Фото: abakan.bezformata.com
158
оқылды

Ол ұрлаған заттарды сөмкеге жасырып, оны кішкентай қызының велосипедіне іліп, кассадан төлем жасамай өткен, – деп жазады zakon.kz.

Ол үш аяқты велосипед мінген кішкентай қызымен бірге сауда үйіне келген. Әйел дүкен сөресінен бірнеше орама жөргек пен ром, виски бөтелкесін сөмкесіне салып, қызының велосипедіне іліп қойған. Дереккөздің жазуынша, кассир ұрланған заттарды әйел кішкентай баланың сөмкесіне жасырады деп ойламаса керек. Әйел дүкеннен бей-жай шығып кетеді. Спирттік ішімдікті ол жолай өтіп бара жатқан адамға 3 мың теңгеге сатып, ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған. Жалғызбасты әйелді ұрлық жасағаны үшін жауапқа тартты. Үкім шыққанға дейін ол дүкенге келтірілген 35 мың теңгенің шығынын төлей алмады. Сондықтан медиацияға жетпеді.

Сот ұрлық жасағаны үшін оған бір жылға бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарды. Егер ол бостандықта сот талабын бұзатын болса, онда оның жазасы абақтыдағы нақты мерзімге ауыстырылуы мүмкін.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.