Цифрлы сервистерді енгізу үдерістеріне және Цифрлы даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің дамуына қолдау көрсеткен, сенім білдірген және қатысқан әрбір азаматқа алғыс айтты.
Бағдат Мусин қызметінен босатылғаннан кейін мәлімдеме жасады
Фото: egemen.kz
1,439
оқылды

Бағдат Мусин Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымынан босатылғанына қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Экс-министр саланы сеніп тапсырған Мемлекет басшысына, сонымен қатар қолдау көрсеткен барша азаматқа алғыс білдірді.

«Менің отставкаға кеткенім туралы соңғы жаңалықты естіген шығарсыздар. Бірінші кезекте еліміздегі маңызды саланың бірі –  цифрландыру саласын басқаруды сеніп тапсырған және мүмкіндік берген Мемлекет басшысына алғыс айтқым келеді. 3 жыл ішінде көп нәрсе жасалды және әлі де жасала бермек. Бүгінгі таңда Қазақстан әлемдегі ең дамыған цифрлы елдердің бірі деп айтуға негіз көп. Бұл алдымен кәсіби мамандар жиналған үлкен команданың еңбегі, біз олармен бірге өсіп, қатар келген қиындықтарды да, үлкен жеңістерді де бірге бөлістік. Цифрлы сервистерді енгізу үдерістеріне және Цифрлы даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің дамуына қолдау көрсеткен, сенім білдірген және қатысқан әрқайсыңызға ризамын. Мен қарапайым қазақстандықтардың өмірін жеңілдеткен және ыңғайлы еткен жетістіктерімізді мақтан тұтамын, бұл әрине – цифрлы мемлекеттік қызметтер. Сонымен қатар біздің прогрессивті цифрлы өнімдеріміз халықаралық деңгейде атап өтілді және біздің елімізді әлемдік цифрлы көшбасшылар қатарынан көрінуге мүмкіндік берді», - деп жазды министр әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бұған дейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Бағдат Мусин Қазақстан Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымынан босатылғанын жазған болатынбыз.