Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, суға батқандардың ең көбі Алматы (8), Шығыс Қазақстан (8), Ақмола (5) және Солтүстік Қазақстан облыстарында (5) тіркелді.
Балалар суға кеткен оқиға Алматы (3), Түркістан (2), Ақмола (1), Солтүстік Қазақстан облыстарында (1) және Нұр-Сұлтан қаласында (1) тіркелді.
Құтқарушылар су жағалауында балаларды қараусыз қалдырмауды ескертсе де, қайғылы оқиғалардың саны азаймай отыр.