Өскеменде мас күйінде көлік жүргізген Өскемен әкімі аппаратының қызметкері Индира Қалжабаева жұмыстан шеттетілді.
Алайда Қалжабаева жиналған адамдарға түсінік бере алмаған, ал полиция қызметкерлері әйелді медициналық куәландыруға әкетуге мәжбүр болған. Қала әкімдігі жағдайға қатысты пікір білдірді. "Қазір полиция органдары мас күйінде көлік басқару дерегі бойынша әкімшілік іс жүргізуге бастама жасады. Полиция басқармасынан материалдар келгеннен кейін қала әкімдігі болған оқиға мен мемлекеттік қызметшінің әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша қызметтік тергеп-тексеру жүргізеді. Әзірге барлық шара аяқталғанға дейін Индира Қалжабаева жұмыстан шеттетілді", – деді Өскемен әкімдігінің қызметкері. Бұл факті бойынша жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Ол жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін.Индира Қалжабаеваның мас күйде болғаны туралы ақпаратты Өскемен әкімдігі растады. 11 шілде, жексенбіде қала әкімі аппаратының қызметкері халықты вакциналауға арналған автобусқа қатысты жағдайды түсіндіру үшін оқиға орнына барған. Автобус вакцина салдырғысы келген адамдарды қабылдамаған.