Алматыда көлік апаты болып, екі адам көз жұмды
Алматыда көлік апаты болып, екі адам көз жұмды
Фото :kaskelenkz/instagram
131
оқылды
Алматы маңында екі көлік соқтығысып, екі адам көз жұмды. Жол-көлік апатының суреті әлеуметтік желіде тарады. Алматы облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, апат 6 шілде күні сағат 00:10 шамасында болған. Алматы-Жандосов-Бесмойнақ тас жолының шығыс бағытында Toyota Land Cruiser автокөлігінің 18 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, Тoyota Avensis көлігімен соқтығысты.
“Апат салдарынан Toyota Avensis автокөлігінің жүргізушісі мен оның 26 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды. Ал Toyota Land Cruiser көлігінің 18 жастағы жүргізушісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды”, – деп хабарлады Полиция басқармасынан.