Дағыстандағы Сулак каньонында екі қыз құзға құлап кетті. Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған.
РИА "Дағыстанның" хабарлауынша, видеодан қыздар шатқал шетінде орнатылған әткеншекте отырғанын көруге болады.
Оларды артынан тағы бір адам итеріп тұрған. Бір сәтте әткеншекті ұстап тұрған шынжыр үзіліп, олар құзға құлап кетеді.
Полиция мәліметі бойынша, зардап шеккендер ауыр жарақат алмаған. Сондай-ақ, республиканың Ішкі істер министрлігі "аттракцион" енді жұмыс істемейтінін, оны бұзу туралы шешім қабылданатынын хабарлады.
[embed]https://www.youtube.com/watch?v=emiT6bcZXBk[/embed]
Жазатайым оқиға дерегі бойынша Дағыстан прокуратурасы тексеріс бастады.