Қазақстандық актриса ажырасқан соң күйеуіне "гелендвагенді" қайтарып берген

Қазақстандық актриса ажырасқан соң күйеуіне "гелендвагенді" қайтарып берген

Танымал актриса Әсел Асқар күйеуін әлі де жақсы көретінін жеткізді. Жүкті болғандықтан, эмоцияға тез берілетінін, дәл осы шақта маңызды шешім қабылдауға асықпайтынын айтты. Ол бұл жайында Taboo бағдарламасында сөз қозғаған.

Әсел мен Айбектің ажырасуына жігіттің әкесі мен қарындасы себеп болған. Бір қызығы, ажырасқаннан кейін Әсел күйеуі сыйлаған "Гелендваген" көлігін қайтарып берген. Бірақ Айбек өзінің астындағы көлікті Әселге қалдырыпты.

 "Ер адамның сені жақсы көргенінің бір көрінісі – сатып алған нәрсені сенің атыңа жазып бергені. Қайын сіңлім сол көлікті қайта сұрап хабарласты. Содан кейін Айбек те айта бастады. Ол мені қайтара алмай жатыр. Көлік бұл жерде сылтау болып тұр. "Қайт немесе көлікті қайтар" деген сияқты. Жүкті екенімді білген соң, сұрағанды қойды", – дейді Әсел.

Аяғы ауыр екенін білген соң, күйеуі қайта қосылуға ұсыныс жасапты. Алайда Әсел әзірге оның бетін кері қайтарумен келеді. Ал күйеуінің туыстары Әселдің жүкті екеніне сенбеген.

"Жүкті болғаным Алланың тосын сыйы болып тұр. Дәл ажырасқаннан кейін жүкті екенімді білдім. Олардың ойынша, мен Айбекті солай қайтарғым келеді", – дейді Әсел.

[embed]https://www.youtube.com/watch?v=i9As4JiOLSo[/embed]