Отандық танымал актриса Әлия Әнуарбек ауруханаға түсіп қалды

Өнер иесі жуынатын бөлмеде құлағандықтан, жедел жәрдем шақыруға мәжбүр болған. Дәрігерлер оның сегізкөз омыртқасы сынып кеткен деген диагноз қойған.

Әлия Әнуарбек басынан өткен ауыр жағдай туралы Instagram-дағы парақшасында айтып берді. Өнер иесі оқырмандарына арнайы видео түсіріп, мән-жайды түсіндірген.

Оқиға актрисаның өз үйінде жуынатын бөлмеде болған. Ол тайғанап құлап кеткен.

"Омыртқа сүйегімді сындырып алғанда қатты қорықтым. Мен тура сол жерде жылап жібердім. Қатты қорықтым. Омыртқамды толықтай сындырып алмағаныма шүкір", - деді өнер иесі.

Қазіргі уақытта Әлия ауруханада дәрігерлердің қарауында жатыр.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.