«Тозығы жеткенше...»  – 1000 теңгелік «Күлтегін» банкнотын алмайтындар жауапқа тартылады
«Тозығы жеткенше...»  – 1000 теңгелік «Күлтегін» банкнотын алмайтындар жауапқа тартылады
Фото: nationalbank.kz
387
оқылды

Қазақстан Ұлттық банкіне номиналы 1000 теңгелік «Күлтегін» естелік банкноттарын саудагерлер қабылдамай, дүкендерге өткізе алмаған азаматтар хабарласады.

«Бұл купюралар – заңды төлем құралы. Оны басқа да естелік банкноттар секілді банк операциялары мен аударымдар кезінде және төлемнің кез келген түрі бойынша қабылдауға міндетті. Мұндай банкноттарды қабылдаудан бас тартқан жағдайда Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 206-бабына сәйкес, әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Егер сізден бұл банкноттарды қабылдамаса, Ұлттық банктің аумақтық филиалына өтініш білдіруіңіз қажет. Банкнотты қабылдаудан бас тарту фактісін бейнежазбаға түсіруді немесе жазбаша негіздеме талап ету қажет. «Күлтегін» банкнотымен қатар, атаулы күндер мен оқиғаларға арналған естелік банкноттардың басқа да түрлері айналымда бар. Олардың барлығы да заңды төлем құралы болып есептеледі. Оларды ЕДБ мен «Қазпошта» АҚ-тың барлық бөлімшесінде, сондай-ақ ҚҰБ филиалдарында ауыстыруға және айырбастауға болады. Банкноттар тозығы жеткенде ғана айналымнан алынады», – деді.

Бұған дейін алтыннан жасалған монета айналымға шыққанын хабарлаған болатынбыз.