Түркістан облысында жүк көлігі көпірден құлап, бір адам қаза тапты (видео)
Түркістан облысында жүк көлігі көпірден құлап, бір адам қаза тапты (видео)
©sputnik.kz
137
оқылды

Түркістан облысында жүк көлігі көпірден құлады. Жол апаты Шымкент маңында А-2 тасжолында болған.

Көліктің түгі қалмай жанып кетті. Оқиға орнында бір адамның күйген денесі табылды. Жүргізуші мен қайтыс болған адам Қырғызстан азаматтары екен.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жүргізуші аман қалған. Оның маңында отырған екінші жүргізуші көз жұмды.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ОТЫРАР Новости Шымкент (@otyrarkz)

Куәгерлер өртенген көлікті видеоға түсіріп алған.