1 шілдеден бастап «Халық» Қайырымдылық қорының «Ел тірегі – ЕЛБАСЫ» акциясы жалғасын алды. Азық-түлік себеттері еліміздің барлық аймақтарында аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар бала өсіріп отырған отбасыларға жеткізіледі.
Қазіргі заманда жақсылыққа орын бар ма? Бар екеніне бүгін біз, тағы да көз жеткіздік! «Ел тірегі – ЕЛБАСЫ» акциясын еліміздің танымал меценаттары: Қайрат Боранбаев – «Алмалы» холдингі, Диас Сулейменов, Кеңес Рақышев, «АЯЛА» Қайырымдылық қоры, «Eurasian Resourses Group» холдингі және «Казақмыс» корпорациясы қолдады. Қайырымдылық акциясы серіктестерінің бірлескен күш-жігерінің арқасында 6000-ға жуық азық-түлік себеттері жасалды. Жалпы, акция аясында 20 000 отбасына қолдау көрсетіледі: жалпы сомасы 500 миллион теңгеге 1 млн кг-нан астам азық-түлік әзірленді. Себеттерге ең қажетті: күріш, қарақұмық, ұн, макарон, өсімдік майы, бұқтырылған ет, қант, шай және кәмпиттер кірді. Әр отбасыға 50 килограм азық-түлік ұсынылды. Азық-түлік себеттерінің таратылуы еріктілердің күшімен жүзеге асырылады.