Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылық құрамы мен ғылыми қызметкерлерінің лауазымдарға конкурстық орналасуы ережелері бойынша профессор-оқытушылық құрамының бос қызмет орындарына (кафедра меңгерушісі, профессор, қауымдастырылған профессор (доцент), оқытушы-дәріскер, оқытушы-ассистент лауазымдарына) конкурс жариялайды.
Бос орындар туралы мәліметтерді және құжаттарды тапсыру мерзімін https://zhetysu.edu.kz сайтынан көруге болады. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1. Басқарма төрағасы – ректордың атына жазылған өтініш; 2. Кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағы, өмірбаян; 3. Түйіндеме; 4. Мінездеме; 5. Жоғары білімі және ғылыми дәрежесі туралы дипломдарының, ғылыми атағы туралы аттестатының нотариалды расталған көшірмелері; 6. Ғылыми жұмыстары мен өнертабыстарының тізімі (болған жағдайда); 7. Қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттарының көшірмелері (соңғы 3 жыл); 8. № 086 нысанындағы медициналық анықтама. 9. Тіркеуде тұрмайтыны туралы наркологиялық және психоневрологиялық ұйымдардан анықтама. 10. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама. Құжаттар тапсыру мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 күн. Құжаттарды мына мекенжайға тапсыру керек: Талдықорған қаласы, Жансүгіров қ., 187а, І. Жансүгіров атындағы ЖУ Персоналды басқару және құжат айналымы бөлімі, тел.: 22-00-51.