Астанада үш арыс — Сәкен, Ілияс, Бейімбетке ескерткіш қойылады
Астанада үш арыс — Сәкен, Ілияс, Бейімбетке ескерткіш қойылады
441
оқылды

Бас қалада үш арысы — Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиннің ескерткіші қойылады.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен: «Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған шаралар басталды. Соның аясында тұңғыш рет астанада №87 Абай атындағы мектепті аштық. Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай, оның есімін Оқушылар сарайына беру жоспарланған. Биыл Жазушылардыцң халықаралық жиыны өтті. Соның аясында Абай даңғылында Жазушылар аллеясы ашылды. Сол жерде үш арыс — Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына орай ескерткіш орнатылады. Тұлғаларды ұлықтау үшін білім-ғылым ошақтарына белгілі қайраткерлердің есімін беруді жалғастырамыз», — деді Бақтияр Мәкен.