"Тіл алмады" деп әке-шешесі 13 жастағы қызын аралда қалдырып кеткен (фото)
"Тіл алмады" деп әке-шешесі 13 жастағы қызын аралда қалдырып кеткен (фото)
©https://newsbeezer.com/
294
оқылды

Қытайдың Шаньдун провинциясында ерлі-зайыптылар 13 жастағы қызын тіл алмағаны үшін елсіз аралға тастап кеткен.

[caption id="attachment_151116" align="alignnone" width="875"]әке-шеше ©https://newsbeezer.com/[/caption] Newsbeezer.com-ның мәліметінше, жасөспірімді балықшы байқап қалған. Ол әуелі көмек сұрап, айқайлаған қыздың дауысын естіген. Содан дереу полицияға хабарлаған. Белгілі болғандай, қыздың аралда күнелткеніне екі күн болыпты. Ол тіпті жылыну үшін от жағуға мәжбүр болған.

Полиция қызметкерлері қызды үйіне алып келгенде ата-анасының оны тіл алмағаны үшін әдейі елсіз аралда қалдырып кеткенін айтқан. Оларға баласының үнемі тамақ сұрап, үй шаруасына көмектеспейтінін жеткізген. Сабақ үлгерімі де нашарлап, мектепті мүлде тастап кеткен екен. Тәрбиесін түзеу мақсатында әке-шешесі осылай жазаламақ болған. Аралда бірнеше күн түнеткен соң, қыздарын алып қайтпақ болған.

Аралда аш қалмасы үшін су мен печенье қалдырған. Оның үстіне баласын сыртынан бақылап жүретін тәжірибелі адамды да жалдаған екен. "Ел бізді қатыгез деп санауы мүмкін. Бірақ қызым соңғы екі күнде қатты өзгерді. Ол бұрын бейтаныс адамдармен сөйлесуге ұялатын, қазір кез келгенімен тіл табыса алады", – дейді қыздың әкесі. Жергілікті полиция қызметі қыздың ата-анасын бұл әрекеті үшін сынға алып, олардан үлгі алмауға шақырды.