Теміртауда бала-шағаның көз алдында төбелескен ер адамның барлығы ұсталды
Теміртауда бала-шағаның көз алдында төбелескен ер адамның барлығы ұсталды
Фото: nur.kz
173
оқылды

Видеодан екі ер адамның көшеде төбелескені, оларға кейіннен тағы бірнеше ер адам қосылғаны көрінеді.

Біреуінің қолында пышақ болған. Іле-шала олар тұрақта тұрған көлікке отырып, қашып кеткен. Полиция департаменті видеоны зерттеді. Төбелескен ер адамдарды анықтады.

«Факт бойынша қылмыстық іс тіркелді. Төбелеске қатысқандардың барлығы анықталды. Сотқа дейінгі тергеу басталды», – деді полицей.

Бұған дейін әйел мен оның екі баласын пышақтап кеткен күдіктінің ұсталғанын жазған болатынбыз.