Ақсуда әйел мен екі баланы өлтірген күдікті ұсталды
Ақсуда әйел мен екі баланы өлтірген күдікті ұсталды
Фото: bars.media
154
оқылды

Бұл туралы Павлодар облыстық Полиция департаменті хабарлады.

«Полиция қызметкерлері жедел іздестіру нәтижесінде, әйел мен оның кәмелетке толмаған балаларын өлтірді деген күдікпен ер адамды ұстады. Заттай айғақтар тәркіленді»,  – деді полицей. Полицейлердің айтуынша, ұсталған адам марқұм әйелмен таныс болған.

«Күдіктінің әйелмен таныс болғаны анықталды. Кеше түнгі сағат 03.00 шамасында олардың арасында жанжал болғаны анықталды. Ұрыс кезінде 36 жастағы қала тұрғыны 35 жастағы әйелге бірнеше пышақ жарақатын салды. Айқай-шудан ұйықтап жатқан балалар оянып кеткен. Күдікті оларды да бірнеше рет пышақтаған», – дейді полицейлер.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұған дейін Ақсуда әйел мен екі баланың мәйіті пәтерден табылғанын жазған болатынбыз.