Видеодан екі ер адамның көшеде төбелескені, оларға кейіннен тағы бірнеше ер адам қосылғаны көрінеді.
Біреуінің қолында пышақ болған. Іле-шала олар тұрақта тұрған көлікке отырып, қашып кеткен. Полиция департаменті видеоны зерттеді. Төбелескен ер адамдарды анықтады.«Факт бойынша қылмыстық іс тіркелді. Төбелеске қатысқандардың барлығы анықталды. Сотқа дейінгі тергеу басталды», – деді полицей.
Бұған дейін әйел мен оның екі баласын пышақтап кеткен күдіктінің ұсталғанын жазған болатынбыз.