Тұрғын вакцинация паспортын сатып алғанын жансақтау бөліміне түскенде мойындады – министрлік
Тұрғын вакцинация паспортын сатып алғанын жансақтау бөліміне түскенде мойындады – министрлік
Фото: news.myseldon.com
274
оқылды

Инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапованың айтуынша, вакцина алған адам да коронавируспен ауыруы мүмкін.

«Біз ауруға шалдыққандардың санын бақылаймыз. Вакцинаның 1-дозасын алғандар арасында – 1325, екі доза алғандар арасында 964 жайт тіркелген. Сонымен бірге, біз вакцина салдырғандар арасында аурудың қалай өтетінін де қадағалаймыз. Ауруханаға жатқызылғандардың көпшілігінде қосымша өзге де асқынған ауруы болған», – деді ол.

Ол, сондай-ақ вакциналау паспортын сатып алып, халі нашарлап, ауруханаға түскен науқас туралы айтты.

«Жансақтау бөліміне түскен бір адамның екпе салдырмай, вакцинация паспортын сатып алғаны белгілі болды. Коронавирусқа шалдығып, ауруы асқынғанда қателігін мойындады», – деді Қожапова.

Бұған дейін вакцинация паспортын сатып алғандардың жазалатыны туралы хабарлаған болатынбыз.