Жарты жылда 7 әкім жемқорлықпен ұсталған
Жарты жылда 7 әкім жемқорлықпен ұсталған
164
оқылды

Биыл 6 ай ішінде жем­қорлық фактісі бойынша 658 адам қылмыстық жауап­кершілікке тартылған. Оның 61-і – республикалық және об­лыстық деңгейдегі бас­шылар.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов ведомствоның алқа мәжілісінде осындай деректер келтіріп: «Статистика сыбайлас жем­қорлық қылмыстарын тір­кеудің 35%-ға немесе 1 540-тан 1 005-ке  дейін төмендегенін көр­сетеді.

Сонымен қатар жылдың 6 айында 658 адам қылмыстық жауап­кершілікке тартылды. Олар­дың 61-і республикалық және об­лыстық деңгейдегі басшы және вице-министр, 3 судья. Жеті өңір­лік әкім мен олардың орынба­сарлары әшкереленді», – деді сы­байлас жемқорлыққа қарсы қыз­мет басшысы.

Айтуынша, осындай заңсыз әекеттерден келген за­лалдың 15 млрд теңгесі қазынаға қайтарылған. Сондай-ақ 6 айдың ішінде бизнестің жұ­мы­сына орын­сыз килігудің 60 жағ­дайы, кө­леңкелі экономика субъек­тілеріне қамқорлық жа­саудың 45 фактісі, жүйелі сы­байлас жемқорлықтың 61 фактісі тіркелген.

М.БАҚЫТЖАН