Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Фото: elista.bezformata.com
110
оқылды
15 шілде күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Облыстың басым бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады. Алматы облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағай ойнап, жел екпіні 15-20 м/с-қа үдейді. Кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе облысында облыстың оңтүстігінде найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. Кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды облысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерінде күші 15-20 м/с-қа күшейеді деп күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Күндіз кей жерлерде бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. 15-16 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, бұршақ түседі деп күтіледі.