Алматыда коронавирус жұқтырған 131 науқас жансақтау бөлімінде жатыр
Алматыда коронавирус жұқтырған 131 науқас жансақтау бөлімінде жатыр
125
оқылды

Алматыда коронавирус жұқтырған 2164 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәліметі.

14 шілде күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 850 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 778, симптомсыз – 72 науқас тіркелді. Барлық емделіп шыққандар – 109, келіп түскені – 335. «Инфекциялық стационарларда 2 164 адам бар (төсек-орынның жалпы саны – 5200 ), оның ішінде 182 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен. Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 131 адам жатыр. Ал 22 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 47 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 43 аппарат жұмыс істейді. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 3 925 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, жағдайы орташа – 3559 науқас. 366 адамда коронавирус белгілері жоқ.