Биыл Құрбан айт намазы 10 минут оқылады
Биыл Құрбан айт намазы 10 минут оқылады
Фото: www.muftyat.kz
191
оқылды

Бас мүфтидің айтуынша, биыл арапа күні 19 шілдеге сәйкес келеді. 20 шілде – Құрбан айттың бірінші күні.

«Биыл 20 шілде күні елімізде таңғы сағат 7.00-де қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып, «сары», «жасыл» аймақтарда 10 минуттық Құрбан айт намазы оқылады. Ал «қызыл» аймақта Құрбан айт намазын оқу жергілікті бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. Осы орайда, Құрбан айт намазын өткізу бойынша ҚМДБ-ның өкіл имамдары жергілікті бас санитар дәрігерлермен бірлесіп, арнайы брифинг өткізеді. Жамағаттан қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды, айт намазы біткен соң, мешіттен ертерек қайтуды өтінеміз», – деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бұған дейін астанада Құрбандық шалу рәсімі онлайн өтетінін жазған болатынбыз.