Әлеуметтік желіде оқырмандардың сұрағына жауап берген ол театрдың бұрынғы әртістері бүгінде жеке шығармашылықпен айналысып жүргенін жеткізді.
«Бір сахнаға сыймайды»: Тұрсынбек Қабатовтың қазіргі әйелі «Базар жоқ» театрының неге тарағанын түсіндірді
217
оқылды

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі «Базар жоқ» әзіл-сықақ театрының бұрынғы әртістері мен өнер иесінің қазіргі қарым-қатынасы туралы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ол ұжым мүшелерінің не себепті бірге өнер көрсетпейтінін түсіндірді.

Әлеуметтік желіде оқырмандардың сұрағына жауап берген ол театрдың бұрынғы әртістері бүгінде жеке шығармашылықпен айналысып жүргенін жеткізді. Оның айтуынша, жігіттердің әрқайсысы танымал болып, өз аудиториясын қалыптастырған. Соған қарамастан, олардың Тұрсынбек Қабатовпен қарым-қатынасы жақсы.

«Жігіттермен Тұрсынбектің қарым-қатынасы өте жақсы. Араласады. Бәрі әр кез алғысын айтып, концерт қояр алдында мәдениетті түрде алдынан өтіп барып, өздері гастрольге шығып жүр. Неге десеңіздер, қазір ОНБ бар, киноға түсіп жүр, әрқайсысының өзінің мықты энергиясы бар. Баяғыдай емес, енді бір сахнаға сыймайды бәрі», – деп жазды ол.

Сондай-ақ ол бұрынғы әртістердің бір концертте өнер көрсетуі неліктен қиын екенін түсіндірді. Оның сөзінше, әр әзілкеш сахнада көбірек уақыт өткізіп, өз өнерін толық көрсеткісі келеді. Ал барлығына бірдей мүмкіндік берілсе, концерт бірнеше сағатқа созылып кетуі мүмкін.

«7-10 минут оларға аз. Бәрі өз өнерін көрсетіп, сахнада ұзақ тұрғылары келеді. Бәрі 20–30 минуттан тұрса, онда концерт 3-4 сағат болып кетері анық. Сол себепті ол мүмкін емес. Аты жер жарып тұрған мықтыларға нөміріңді қысқарт деп те айта алмайсың. Сондықтан тарап кетті, ойып қалды деп бос әңгіме», – деді ол.

Тұрсынбек Қабатовтың әйелі алдағы уақытта театрдың мерейтойлық концерттері өтуі мүмкін екенін де айтты. Сондай-ақ әзілкештің бұрынғы әріптестерінің жетістіктеріне қуанатынын жеткізді.

«Алла жазса, алдағы уақытта үлкен мерейтойлық концерттерін беретіні анық. Біздің жігіттер жетістікке жетіп, жеке концерт берген сайын Тұрсынбектің мақтанып, марқайып отыратыны рас», – деп жазды ол.