Қарасай ауданының әкімдігі оқиға Жармұханбет ауылында болғанын айтты.
«15 шілдеде сағат 13.20-да 10-15 адам жиналып, Бұрындай – Жібек жолы тасжолын жауып тастаған. Көлік қозғалысы 10-15 минутқа тоқтады. Тұрғындар жарықтың жиі өшетініне және судың жоқтығына наразы. Сағат 14.30-да он шақты адам аудандық әкімдікке келді. Тұрғындарды әкім орынбасары Айдын Әуесбай қабылдады. Тұрғындар арыз-шағымын айтты. Бүгін ауылда жарық бар», – деді әкімдік өкілі.Бұған дейін Алматы облысы Талғар ауданының тұрғындары жолды жауып тастағанын жазған болатынбыз.