Тұрғындар ауызсудың жоқтығынан Талғар тасжолын жауып тастады (видео)
Тұрғындар ауызсудың жоқтығынан Талғар тасжолын жауып тастады (видео)
©tengrinews.kz
150
оқылды

Оқиға 11 шілдеде Алматы облысы Бесағаш кентінің аумағында болған. "Нұрия" тұрғын үй кешенінің жүзге жуық тұрғыны судың жоқтығынан "Алматы-Талғар" автожолын жауып тастады. Оқиға кадрлары әлеуметтік желілерде жарияланды.

[embed]https://www.youtube.com/watch?v=uqjWctOTU5Q[/embed] Видеодан тұрғындардың қандай да бір ведомство өкілімен сөйлесіп жатқанын көруге болады. Соңғы сөйлеген адам ауызсудың болмауы, құбырдың бір күн бұрын төрт рет жарылуынан дейді. Тұрғындарға апат салдары жойылып, жақын арада пәтерлерге су берілетіні айтылды. Полиция мәліметінше, оқиға Алматы облысы Бесағаш кентінде сағат шамамен 22:58-де болған. Алматы - Талғар автожолын 80-ге жуық адам жауып тастаған.

"Тұрғындар ауызсудың жоқтығына наразы болды. Жергілікті атқарушы органдар жиналғандармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оқиға орнына жеткен Талғар АІІБ патрульдік полиция қызметкерлері жиналған адамдардан үйіне тарап, қозғалысқа кедергі келтірмеуін сұрады. Осыдан кейін тұрғындар қайтты, қоғамдық тәртіп бұзылған жоқ", - деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.