Бүгін қазақстандық спортшылар Токиоға аттанады
Бүгін қазақстандық спортшылар Токиоға аттанады
204
оқылды

Қалыптасқан жағдайға байланысты ұлттық құрама қос чартерлік рейспен жіберілмек. Алғашқысы бүгін кешке жолға шығады. Оның ішінде бокс, дзюдо, каратэ, үстел теннисі, жеңіл атлетика және ату спорттарының өкілдері мен отандық спорт саласының мамандары бар.

Айта кетейік, Елсияр Қанағатов бастаған делегация бірнеше күн бұрын Жапонияға жетіп, спортшылар мен делегацияны тіркеді. Ұйымдастыру жағын бақылады. Ел делегациясының шеф-де-миссионы қауіпсіздік шаралары қатаң екенін алға тартады. Айта кетейік, ұлттық құраманың қалған бөлігі 27 шілдеде ұшады деп жоспарланып отыр.

 - Спортшыларымызды күтіп алып, Олимпиада қалашығына орналастыруға дайынбыз. Жаңа талаптарға сәйкес, спортшыларымыз 14 күн бойы карантиндік аумақта болды. Медицина мамандары жіті бақылады. Бұның барлығы дайындықтың соңғы кезеңіне әсер етпеді деген үміттеміз. Токиода оларға барынша жайлы жағдай жасалған. Жататын жерлерін, тамақтанатын орындары және жаттығу жасайтын залдарын тексердік. Деңгейі алдыңғы Олимпиадалардан асып түспесе, кем емес, – деді Қазақстан делегациясының шеф-де-миссионы Елсияр Қанағатов.