Көпір және жол мәселесі: ауыл тұрғындарының өтініші орындалды
Көпір және жол мәселесі: ауыл тұрғындарының өтініші орындалды
218
оқылды
Еңбекші аудандық партия филиалына Еңбекші ауданы тұрғындарының атынан Розмат Ризаев келіп,  Тұрдыабад тұрғын алабы Н.Ризаев көшесі жолдарының тозығы жеткенін айтып, асфальт төсеуге өтініш білдірді. Сонымен қатар Сарыағаш аудандық филиалына Жібек жолы ауылы тұрғындары атынан С.Шондыбаев Ханым каналының үстінен  өтетін көпірдің екі жанын су шайғанын, қазір жарамсыз күйде екенін айтып, көпірді жөндеу мәселесі бойынша көмек сұрап келді.   «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық,  Еңбекші аудандық филиалының төрағасы Ғалымжан Молдабайұлы өтініш берушілердің мәселесімен толық танысып, мердігер мекеме «Текспром» ЖШС Тұрдыабад тұрғын алабы Н.Ризаев  көшесінің жолдарына асфальт төсейтін болды. Ал Сарыағаш аудандық филиалы Жібек жолы бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен А.Ерназаров көшесіндегі көпірді жөндеу мәселесі бойынша жеке кәсіпкер Ж.Лебаев және  ауыл жастары  көпірді жөндеу жұмыстарын қолға алды.  Осылайша, 2021 жылдың шілде айында Тұрдыабад тұрғын алабы Н.Ризаев көшесінің жолдарына асфальт төселіп, тұрғындардың өтініші орындалды. Жеке кәсіпкер Ж.Лебаев және ауыл жастарының игі ісіне тұрғындар риза болып, алғыс білдірді.  width=