«Шашымнан сүйреп...» – Түркияда түнгі клуб күзетшісінен таяқ жеген қазақ қызы оқиғаның қалай болғанын айтып берді – видео
«Шашымнан сүйреп...» – Түркияда түнгі клуб күзетшісінен таяқ жеген қазақ қызы оқиғаның қалай болғанын айтып берді – видео
607
оқылды

Бұл туралы Түркияның Milliyet басылымы видео жариялады.

Дереккөздің жазуынша, ойын-сауық орталығына барған қыздар, жанжалдан соң полицияға барған.  width= Фото: Milliyet-тен алынды Қыздардың айтуынша, түнгі клубта ер адамдар телефон нөмірін сұраған. Қыздар телефон нөмірін бермеген. Сол кезде ер адам оны соққыға жығып, шашынан сүйреген. https://youtu.be/STKBpuLE4u4 Ал Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлының айтуынша, бұл мәселемен Қазақстанның Стамбұлдағы Бас консулдығы айналысып жатыр.

«Бізге азаматтарымыздан шағым түспесе де, жәбір көрген қыздарымызды іздеп таптық. Қамаудағы азаматша бойынша консулдық көмек көрсетілуде. Стамбұл қаласы ішкі істер басқармасы басшысымен және оқиға болған аудандық ішкі істер басшысымен мәселенің әділ қарастырылуы бойынша талап жеткізілді. Азаматтарымыздың құқығын қорғау жұмыстары жүргізілуде», – деп жазды Түркиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлы Facebook-тағы парақшасында.