Көлік тұрағына таласқандар көпірдің үстінде төбелесті
Көлік тұрағына таласқандар көпірдің үстінде төбелесті
Фото: ПД-нен алынды
130
оқылды

Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 15 шілде күні болған.

Кеше сағат 16.36-да Есіл аудандық полиция басқармасына Қабанбай батыр даңғылындағы көпірде бір топ адам төбелесіп жатқаны туралы хабарлама түскен. Төбелескендер ұсталып, полицияға жеткізілді. Төбелесті бастаған 32, 29 және 25 жастағы ер адамдар екені анықталды.

Олар Asia Park сауда және ойын-сауық орталығының тұрағына таласып қалған. Жанжал соңы сол маңайдағы көпірдің үстінде төбелеске ұласқан. Тергеу басталды.