Қазақстанның вакцинация паспортын 7 ел мойындады
Қазақстанның вакцинация паспортын 7 ел мойындады
Фото: yandex.kz
262
оқылды

Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова айтты.

«Вакцина алуда оның паспорты шетелде мойындалғаны емес, оның қаншалықты тиімді екені маңызды. Басты мақсат – вакцина арқылы денсаулықты сақтау. Бүгінгі күні Қазақстанның вакцинация паспортын Таиланд, Моңғолия, Венгрия, Қырғызстан, Грузия, Кипр, Түркия мойындап отыр. Сол секілді Ресейде де ЕАЭО аясында вакцинация паспортын мойындау үшін келіссөз жүргізілуде. Біздің министрлік Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, өзара вакцина паспортын мойындау туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Яғни шетелдіктердің вакцина паспортын біз ғана мойындап қоймай, екіжақты ету міндеті тұр», – деді Айжан Есмағамбетова.

Бұған дейін жалған вакцинация паспортын жасағандар ұсталғанын жазған болатынбыз.