Батыс Қазақстан облысында киік мүйізінің 1 000-нан астам данасы тәркіленді. Бұл туралы БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Конкин көшесінде С. есімді жүргізушінің басқаруымен «МАЗ» маркалы автокөлігін тоқтатып, тінту кезінде киік мүйізінің 1 178 данасы табылды. 1979 жылы туған С. есімді азамат Ресейге құрылыс материалдарын алуға кетіп бара жатқан жерінен ұсталды», – деді БҚО ПД бастығы, полиция генерал-майоры Махсудхан Аблазимов. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 339-бабы (сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларды, олардың бөліктері мен дериваттарын заңсыз пайдалану) бойынша қылмыстық іс қозғалды.