Нұр-Сұлтанда жүргізушілер жолда төбелес шығарды
Нұр-Сұлтанда жүргізушілер жолда төбелес шығарды
265
оқылды

Нұр-Сұлтанда жүргізушілер жол ортасында төбелес шығарды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақпарат бойынша, 16-17 шілдеге қараған түні Республика даңғылымен келе жатқан екі жүргізуші жолға таласады. Олар жол бойына тоқтап, сөзге келіп қалады. Кейін жанжал төбелеске ұласып, оларға екі көліктің де жолаушылары қосыла кетеді. Жанжалға қатысқан адамдар полицияға жеткізілді. ҚР ҚК 293-бабы "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Автокөліктер коммуналдық тұраққа қойылды. Сонымен қатар, "Көлік құралдарының қозғалысына қасақана кедергі жасағаны үшін" жол қозғалысын бұзушылар ӘҚБтК-нің 614-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды.