«Канело» Головкин салмағындағы чемпионмен жекпе-жектен бас тартты
«Канело» Головкин салмағындағы чемпионмен жекпе-жектен бас тартты
© fightnews.info
5,370
оқылды
Мексикалық Сауль «Канело» Альварес (53-2-1, 36 КО) келесі жекпе-жегінде жапониялық Риото Муратамен (16-2, 13 КО) жұдырықтаспайтын болды. Бұл туралы ESPN журналының мексикалық редакциясы хабарлады, – деп жазады Vesti.kz. Альварес орта салмақта WBA (Super), ал Мурата – осы ұйымның «регуляр» титулына ие. Мұның алдында боксшылар 2 мамыр Жапонияда жекпе-жек өтізуі мүмкін екені хабарланған. Мексикалықтың өзі Муратамен жұдырықтасуға қарсы емес, тек 2021 жылы деген. «Канело» келесі кездесуін екінші орта салмақта өткізуі мүмкін. Ал қарсылас ретінде осы дивизиондағы WBO чемпионы британиялық Билли Джо Сондерс (29-0, 14 КО) пен WBA (Super) титулына ие Каллум Смит (27-0, 19 КО) қарастырылып отыр. Мексикалық боксшыда бұл салмақта WBA «регуляр» белбеуі бар.