Көлігінің ішіне бензин шашып, өзін-өзі өртемек болған тұрғын ұсталды
Көлігінің ішіне бензин шашып, өзін-өзі өртемек болған тұрғын ұсталды
177
оқылды

Оқиға кеше сағат 20:23-те болды. Ақтөбе облыстық ТЖД-не полицейлерден шақырту түсті. Ақтөбе қаласының тұрғыны «Лексус 350» маркалы жеке автокөлігінің салонына бензин құйып, есігін құлыптап, өзін-өзі өртемек болды.

https://youtu.be/aNYSv_iGfjI   Шақырту орнына шұғыл түрде 8 адам және 2 техника жетті. Оқиға орнына келген бойда құтқарушылар, атап айтқанда, Т. Сырымбетов пен А. Омаров машинаның артқы әйнегін сындырып, өзге құтқарушылар көбік шашты. Осылайша, жедел әрекет етіп, 1983 жылы туған тұрғынды құтқарды. Тергеу басталды.