Морозов қаңтардағы жекпе-жегінде 2-раундта ресейлік Умар Нурмагамедовтен (13-0) жеңіліп қалған еді. Бұл жекпе-жегі үшін Морозов 13 500 доллар алды (октагонға шыққаны үшін – 10 000 доллар, 3 500 доллар ынталандыру бонусы).
Таяуда Морозов екінші рет жекпе-жекке шықты. Бұл жолы ол төрешілердің шешімімен неміс Халида Таханы (13-4-1) жеңді.
Боксшының UFC-дегі алғашқы жеңісі оған көбірек ақша әкелді – 24 000 доллар (алаңға шыққаны үшін – 20 000 доллар, 4 000 доллар ынталандыру бонусы).
Жалпы, UFC-дегі екі жекпе-жегі үшін Сергей Морозов 37 500 доллар алды.