Аналық барыс екі аланымен жүр. Мұның алдында фототұзаққа түскені аталық барыс еді. Ұлттық парк аумағына бірнеше фототұзақ орнатылған.
Ғалымдардың айтуынша, барыстар бұл аумаққа 2017 жылдан бастап келе бастады. https://youtu.be/qOjCAIoeZ5Y Ұлттық паркте қар барысынан өзге де Қызыл кітапқа енген жануарларды сақтау үшін мамандар ұлттық парктің күзет аймағына, сондай-ақ Жоғарғы Көксу қаумалы мен Орықты, Түлкілі, Қояндытау, Тоқсанбай, Атыжоқ, Дулантау, Ортатау тауларына тездетіп экологиялық дәліз құруды ұсынады. https://youtu.be/DDPtWURIky4 Бұл «Алтынемел» тау сілеміндегі қар барысы популяциясының кедергісіз көшуі мен сақталуына ғана емес, сондай-ақ ұлттық паркте арқар, Түркістан сілеусіні, сабаншы, Тянь-Шань қоңыр аюы, тас сусары сияқты сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлардың көбеюіне ықпал етеді.Бұған дейін Көлсай маңайында барыс фототұзаққа түскен еді.