Дикий Арманның «ұсталғаны» рас па? – видео  
Дикий Арманның «ұсталғаны» рас па? – видео  
252
оқылды

Дикий Арман лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевке ұқсайтын адамның ұсталғаны түсірілген видео Instagram-да жарияланған.

Видеода  «Алиба Семский лақап атымен танымал тағы бір қылмыс әлемінің серкесі ұсталды» деген болжам айтылады.

«Астанадағы элиталы мейрамханада отырған оларды арнайы жасақ полиция бөліміне алып кетті» делінген видеода.

 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Типичная Астана (@astana_typical)

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілі видеоға қатысты пікір білдірді.

«Ойын-сауық мекемелерінің бірінде жедел профилактикалық және рейдтік іс-шаралар өткізу кезінде полиция қызметкерлері алты адамнан тұратын бір топ адамды ұстады. Барлығымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Полиция департаменті тұрақты негізде қылмыстың алдын алу және болдырмау мақсатында ойын-сауық мекемелерінде жедел профилактикалық және рейдтік іс-шаралар жүргізеді», – деді полицейлер.