Мәншүк Мәметова шыңында жоғалып кеткен ер адам табылды
Мәншүк Мәметова шыңында жоғалып кеткен ер адам табылды
© inform.kz
236
оқылды
Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жоғалған ер адамды М. Мәметова шыңының мұздығынан тапты, — деп хабарлады  ТЖМ баспасөз қызметі.
«Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жоғалып кеткен ер адамды М. Мәметова шыңының мұздығынан тапты. Бүгін мұздықты тексеру кезінде РЖҚЖ қызметкерлерінің жаяу тобы ер адамды тапты. Ол қатты тоңып қалған, құтқарушылар оған жылы киім берді. Медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ. Қазіргі уақытта РЖҚЖ жедел тобы таудан туристпен бірге түсіп келе жатыр», — делінген хабарламада.

Бұған дейін Мәншүк Мәметова шыңына жалғыз шығып, жоғалып кеткен ер адам іздестіріліп жатқанын хабарлаған болатынбыз.