Дәрігер коронавирус жұқтырғаннан кейін адам ағзасында қандай өзгеріс болатынын айтты
Дәрігер коронавирус жұқтырғаннан кейін адам ағзасында қандай өзгеріс болатынын айтты
Фото: Associated press
234
оқылды
Ұлттық ғылыми кардиологиялық орталық дәрігері және басқарма төрағасының міндетін атқарушы Махаббат Бекбосынова Жетінші арнадағы "Студия 7" жобасында коронавирус жұқтырған соң адам ағзасында қандай өзгерістер болатынын айтып берді.  Коронавирус жұқтырғаннан кейін адам ағзасында қандай өзгеріс болады?
"Қазірдің өзінде мидың орталық жүйке жүйесінде зақымдану болатынын растайтын зерттеу деректері бар. Коронавирус жұқтырғаннан кейін науқаста мынадай белгілер пайда болады: шаршау, ұйқы және есте сақтаудың бұзылуы, депрессия немесе субдепрессия. Бұл когнитив функциялардың бұзылуы деп аталады. Олар коронавирус жұқтырғаннан кейін ұзаққа созылады", — дейді Махаббат.
Дәрігердің айтуынша, ең үлкен проблема өкпеге байланысты болуы мүмкін.
"Жедел кезеңнен кейін, егер адам қалпына келсе, онда ол талшықты сипаттағы өзгерістерге байланысты. Яғни, салыстырмалы түрде айтқанда, өкпеде тіндердің тікелей зақымдануы нәтижесінде пайда болған тыртықтар. Адамда тыныс алу жеткіліксіздігі болуы мүмкін, ол тіпті жазылғаннан кейін де сақталады", — дейді ол.
Спикер коронавирус жұқтырып, жазылғаннан кейін физикалық белсенді жұмыспен айналыспауға кеңес берді.
"Өкпенің жанында жүрек орналасқан. Спортшы жағдайы жақсарғаннан кейін спортзалға барып, қарқынды спортпен айналыса бастайды. Кейін моншаға барады. Осы жағдайда науқас қайтыс болған көп жағдай тіркелген. Оған "артерия тромбозы" немесе "жүрек ырғағының өте ауыр бұзылуы" диагнозы қойылған", — деп қосты Махаббат.
Дәрігер коронавирус жұқтырып, жазылып шыққаннан кейін жалпы анализ тапсыруға кеңес берді.
"Бауыр туралы айтатын болсақ. Іс жүзінде коронавируспен жеңіл түрде ауырған әйелде 3 айдан кейін бауыр фиброзы пайда болғаны анықталды. Мұндай жағдайда бауыр жасушаларының регенерациясы өте жоғары, бірақ түбегейлі көмектесу өте қиын. Сондықтан жазылғаннан кейін дәрігерге бару керек", — деді ол.
Махаббат Бекбосынованың айтуынша, коронавирус жұқтырғанда ішек жолдары зақымданатын жағдай да болады.
"Коронавирустың жөтелден немесе өкпенің зақымдануынан емес, ішек инфекциясынан басталатын түрі де болады. Яғни, диарея, құсу. Мұндай жағдайда көп мөлшерде калий жоғалады", — дейді ол.
Спикер коронавирустың салдары науқастың репродуктив функциясына да әсер ететінін айтты.
"Бүгінде ер адамның да, әйелдің де репродуктив функциялары туралы жиі айтамыз. Өкінішке қарай, бұл да шетте қалмайтын жүйе. Репродуктив функциясы бірдей микротромбоздар арқылы зардап шегуі мүмкін деген зерттеулер бар. Соңғы мәлімет бойынша, вирустың өзі ер адамның ұрығынан табылған. Вирус жыныстық жолмен де берілуі мүмкін", — дейді дәрігер.
Дәрігердің толық әңгімесін мына видеодан көруге болады.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Вечерняя программа «Студия 7» (@studiya_7tv)