Өңірлерде қой бағасы қандай?
Өңірлерде қой бағасы қандай?
Фото: 123.ru.net
489
оқылды
Inform.kz мәліметінше, бірқатар өңірде құрғақшылыққа байланысты мал бағасы қымбаттаған. Ет саудасымен айналысатындардың айтуынша, "Құрбан айт" мерекесінің алғашқы екі күнінде мал бағасы ауытқиды, үшінші күні негізгі нарықтағы бағасына қайта келеді. Нұр-Сұлтан қаласында тоқтының ең төменгі бағасы 40 мың теңгеден басталады. Ет саудасымен айналысатындар құрбандыққа арналған еркек қойлардың бағасы жасына қарай 90 мыңға дейін барады деп отыр. Шығыс Қазақстанда сиыр бағасы жасына қарай 250 мың теңгеден 350 мың теңгеге дейін барады. Құрбандыққа арналған ісек қойлардың бағасы 60 мыңнан басталып тұр. Тоқты бағасы мұнда да 40 мың теңгеден басталады. Жылқы бағасы 350 мың теңгеден 1 млн теңгеге дейін шарықтап тұр. Павлодар облысында қой бағасы ауылдарда 50 мың, тоқты 45 мың теңге. Ал қалада 70 мың шамасында екен. Шымкент базарларындағы баға мынадай: Қой бағасы 50 мың теңгеден басталады. Құрбан айтқа деп арнайы семіртілген қошқарлар 70 мың теңгеден басталып, 130 мың теңгеге дейін барады. Ірі қара, торпақтардың бағасы 225 мың теңгеден басталады. Тайлар – 125 мың теңгеден, ересек жылқы 400-550 мың теңгеден сатылып жатыр. Ең жоғары баға 1,5 млн теңгеге дейін барады. Жамбыл облысында қой бағасы базарда 35-50 мыңнан басталып тұр. Қылқұйрық бағасы 300 мыңнан әрі қарай кетеді. Алматы облысында қой – 50 мыңнан басталса, жылқы бағасы 300 мыңнан жоғары. Ірі қараның бағасы жасына қарай 230 мың теңгеден әрі қарай өсе береді. Маңғыстау облысында жылқының бағасы құлдырап кеткен. Қуаңшылықтан ең көп қырылып жатқан жылқылар екен. Әлеуметтік желіде құлынның бір басына 40-50 мың теңге сұрап тұрған хабарландырулар көп тарап жатыр. Ересек жылқының бағасы 300 мың теңгеге дейін барады.