Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
139
оқылды
Ардақты ағайын! Сіздерді күллі мұсылман қауы­мы үшін қас­терлі Құрбан айт мере­кесімен шын жүректен құттық­таймын! Бұл – қайырымдылық пен жа­нашырлық, із­гілік пен иман­дылық сияқты асыл қасиеттерді дәріп­тейтін ұлық мейрам. Салт-дәстүрімізбен берік ұш­тасқан ата дініміз – елдің рухани тұтастығын сақтауға ықпал ететін басты құндылықтың бірі. Құрбан айт қашанда барша жұртты береке-бірлікке үндейді. Ел азаматтарын бауырмал болуға шақырып, бүкіл халқымыздың ырыс-ынтымағын арттырады. Мұсылман баласы бұл күн­дері отбасы аман­дығы мен ел ты­ныштығы үшін құрбандық ша­лып, жоқ-жітікке көмектеседі, мұқтаж жан­дарға қам­қорлық танытады. Осындай ізгі ниет пен сауапты іс ел-жұрттың бір-бірі­мен етене ара­ласуына, өзара сый­лас­тық пен жақсылыққа жол ашады. Құрбан айттың ұлағаты мен өнегесі біздің ру­хани құндылық­та­рымызбен үндеседі. Бүгінгі ме­ре­кенің мән-маңызы осында деп білемін. Шалған құрбандықтарыңыз, дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Айттан айтқа аман-есен жете берейік!