Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде қандай жағдайда қатаң карантин енгізілетінін айтты. Бұл туралы министр "Хабар 24"телеарнасында көрсетілген "Ошакбаев Live" жобасында айтты.
Денсаулық сақтау министрі таяу уақыттағы еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға арналған үш жаңа сценарийді айтып берді. Оның айтуынша, коронавирус қатты ушыққан жағдайда тәулігіне 11 мың адам коронавирус жұқтыруы мүмкін.
Жоба жүргізушісі Рахым Ошақбаев пессимистік сценарий қаншалықты қорқынышты деп сұрады.
"Бұл өте маңызды. Егер біз төсек-орын қоры толып бара жатқанын көрсек, әрине, қатаң шаралар қабылдап, шектеу шараларын енгіземіз", - деді Цой.
Министрдің айтуынша, төсек-орын қорының 70 пайызы 36 мыңнан жоғары, қазіргі уақытта оның 50 пайызы толған, тағы 24 мың төсек-орын қорда тұр.
"Егер төсек-орын қорының 70 пайызы толып кетсе, біз өңірлер бойынша қатаң шаралар қаыблдаймыз, қатаң карантин енгіземіз. Бізде бұндай жағдайда не істеу керектігі нақты жоспарланған", - деді Цой.