«Славян базарында» бас жүлде алған әншіні көрермен әуежайдан күтіп алды

«Славян базарында» бас жүлде алған әншіні көрермен әуежайдан күтіп алды

Бүгін түнде астана әуежайында Витебскіде өткен «Славян базары» халықаралық байқауының бас жүлдесін иеленген Рухия Байдүкенованы көпшілік күтіп алды.

«Қазақ халқына алғыс айтамын. Елдің махаббатын сезіну – мен үшін бақыт. Маған көрсетілген ерекше құрмет. Жеңісімді халқыммен бірге тойлағым келеді. Бала күнгі арманыма қол жеткіздім», – деді Рухия Байдүкенова.

Әнші «Славян базарында» Гран-при иегері атанып, «Алтын лирамен» бірге 20 мың АҚШ долларына ие болды.

Бұған дейін Президент Рухия Байдүкенованы жеңісімен құттықтаған болатын.