Президент Рухия Байдүкенованы «Славян базары» байқауындағы жеңісімен құттықтады
Президент Рухия Байдүкенованы «Славян базары» байқауындағы жеңісімен құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дарынды жас әнші Рухия Байдүкенованы Беларусь Республикасының Витебск қаласында өткен «Славян базары» байқауындағы сенімді жеңісімен құттықтады. Бұл туралы  Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
– Әлемнің көптеген елінің кіл мықты таланттары қатысқан осынау айтулы байқауда көрсеткен өнеріңіз – Сіздің кәсіби даралығыңыздың, табиғи дарыныңыз бен әртістік шеберлігіңіздің айқын дәлелі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев өз құттықтауында.
Мемлекет басшысы Рухия Байдүкенованың табысты өнер көрсетуі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында барша қазақстандықтарға жасаған тамаша тарту болды деп санайды.