Жандарбек Бекшин құрбандық шалып, Алла Тағаладан елдің амандығын тіледі
Жандарбек Бекшин құрбандық шалып, Алла Тағаладан елдің амандығын тіледі
Фото: Жандарбек Бекшиннің Facebook-тағы парақшасынан алынды
219
оқылды

Жандарбек Бекшин құрбандық шалуға онлайн тапсырыс беру тиімді әрі ыңғайлы екенін де айтты. Бұл туралы Facebook-тағы парақшасында жазды.

«Қасиетті Құрбан айт – мұсылман қауым үшін айтулы мереке. Биыл эпидемиологиялық ахуалға байланысты құрбандық шалуға онлайн тапсырыс беруге болады. Мұның барлығы халықтың денсаулығын сақтау үшін жасалып жатыр. Өзім де ел қатарлы www.qurban2021.kz сайты арқылы онлайн тапсырыс беріп, құрбандық шалдым. Айт күндері ағайын-туыс, дос-жаранның басын қосып, арқа-жарқа болып мерекелеуге болар еді. Бірақ эпидемиологиялық ахуал ушығып тұрған кезде Құрбан айтты көп адамның бір жерге жиналып, тойлағаны дұрыс емес. Сондықтан Құрбан айтта санитарлық талаптарды ескеріп, өзіңіз бен жақындарыңыздың денсаулығын ойлаңыз. Құрбан айтта Алла Тағала шалған құрбандық, дұға-тілектеріңізді қабыл етсін!» – деді Жандарбек Бекшин.

Кеше Президент елмен бірге құрбандық шалып, Сенат төрағасы «Коронавирустан көп ұзамай құтыламыз» деген болатын.