«Коронавирустан көп ұзамай құтыламыз» – Сенат төрағасы Құрбан айтпен құттықтады
«Коронавирустан көп ұзамай құтыламыз» – Сенат төрағасы Құрбан айтпен құттықтады
Фото: senata-parlam.kz
190
оқылды

Ол биыл да бүкіл әлем қасиетті мерекені күрделі кезеңде қарсы алуға мәжбүр болып отырғанына тоқталды. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Facebook-тағы парақшасында жазды.

Құрметті достар! Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мейрамымен құттықтаймын! Құрбан айт адамзатты имандылыққа, қайырымдылыққа және ізгілікке үндейді. Осы күндерде барша мұсылман қауымы Алла жолында құрбандық шалып, мұқтаж жандарға қолұшын созып, көмек көрсетуге асығады. Мұндай игі амалдар елдің ырыс-ынтымағын арттырып, өзара келісім мен түсіністікті нығайта түседі. Биыл да бүкіл әлем қасиетті мерекені күрделі кезеңде қарсы алуға мәжбүр болып отыр. Осы ретте, бұл індетті тоқтату үшін карантин талаптарын сақтап, вакцина ектірудің маңызы зор. Іске асырылып жатқан шаралардың негізінде осы індеттен көп ұзамай құтыламыз деп сенеміз.

Ұлық мерекемен құттықтай отырып, елімізге амандық, жерімізге тыныштық, әр шаңыраққа шаттық тілеймін! Шалған құрбандықтарыңыз бен ниеттеріңіз қабыл болсын! Айттан айтқа аман-есен жете берейік!